Главная » 2007 » Январь » 16
07 Янв 16, 9:36:39 AM

 Атырау облысында жұмыс берушілер өздерінде жұмыс жасап жатқан шетелдік азаматтарды заңдастыруға құлықсыз. «Бұл еліміз бойынша өтіп жатқан «Мигрант» шарасы барысында анықталды», - дейді облыстық көші-қон полициясының қызметкерлері. «Мигрант» ш ... Жалгасын оку »

Окылу: 2025 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)

07 Янв 16, 9:31:27 AM

Атырауда жұма мен сенбі күндері ішінде мас күйінде көлік айдаған 31 жүргізуші ұсталды. Бұл Жол полиция басқармасы қызметкерлерінің түнгі рейд шарасы кезінде белгілі болды. Сондай-ақ, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген 8 жағдай кездескен, 3 автомашина мемлекеттік номерсіз жүргені үшін ұсталды.

 

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 2184 | Коскан: Patick | Rating: 5.0 | Пікірлер (0)

07 Янв 16, 9:26:36 AM

Атырау қаласы, Еркінқала поселкесінде балалардың отпен ойнауы салдарынан үйдің ауласындағы пішен жанып кеткен. Бұл туралы Өртке қарсы қызмет басқармасы мәлімдеп отыр. Жалпы  Атырау қаласында өткен апта ішінде, яғни 8-нен 14-ші қаңтар аралығында 6 өрт оқиғасы тіркелді.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1756 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)

07 Янв 16, 9:23:19 AM

Біз бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Атырау-2 – Теңдік аралығындағы теміржол бойында жүк пойызы рельстен шығып кетіп, мазут құйылған 11 цистерна мен тепловоз өртеніп кеткен болатын. Белгілі болғандай, апаттың басты себебі, жүк пойызын басқарып келе жатқан машинисттің қызыл түске қарамай өтіп кетуі. Дәл сол күні Атырау көлік прокуратурасының қызметкерлерімен ҚР ҚК-ң 295-ші бабы, 4-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1672 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)

07 Янв 16, 9:20:41 AM

Қазақстан суперлигасының «Атырау» ФК-ы жақын күндері оқу-жаттығу жиынын өткізуге Сочи қаласына аттанбақ. Қазіргі уақытта бірнеше үздік ойыншылар команда құрамынан кетіп қалды, оларды қазақстандық суперлиганың өзге командалары шақырып алуда. Сочи қаласындағы жаттығудан кейін, атыраулық команданың бапкерлік құрамы өзге де жиындарды анықтайды. Естеріңізге сала кетейік, маусым аралық кезеңде қақпашы Иван Сивожелезов, қорғаушы Андрей Ерохин, сондай-ақ, жартылай қорғаушы Юрий Гура секілді ойыншылар команда құрамынан кетпекші. Аталған үш футболшы да & ... Жалгасын оку »

Окылу: 1498 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (1)

07 Янв 16, 9:18:59 AM

2007 жылы Атырау облысы квота бойынша 450 оралмандар отбасын қабылдайтын болады. Алғашқы деректерге қарағанда, оралмандар негізінен Өзбекстан елінен келмек. Сондай-ақ Ресейден 20 қазақ отбасы және ТМД-ның басқа елдерінен 5 отбасы келеді деп күтілуде.

Окылу: 1633 | Коскан: Patick | Rating: 4.0 | Пікірлер (0)

07 Янв 16, 9:17:24 AM

1941 жылы Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан атыраулық майдангерлер шайқастың 65 жылдығына орай тағайындалған мерейтойлық медальдармен марапатталды. Наградалар Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Мұханбетовке, Т.Есенғаринге, Ш.Ингельдиевке, К.Қожахметов пен Ш.Есқалиевтерге табыс етілді. Майдангерлерге сондай-ақ Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың құттықтауы да қоса табыс етілді.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1576 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)