Главная » Атырау жаналыктары
07 Июл 03, 10:16:27 AM

 25-нен 29-шы маусым аралығында Атырау облысының барлық ауданында Жол Полиция Басқармасының толық құрамының, ІІД және аудандардағы ІББ-дерінің қызметкерлерінің қатысуымен «Ауыл жолдары» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы Атырау облыстық Жол Полиция басқармасының жол патрулдік бөлімшесінің аға инспекторы Рүстем Бекмамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша: «Ауылдық жерлерде жүргізілген бұл шара аясында барлығы 950 жол ережесін бұзған жағдай тіркелді. Соның ішінде 140 жүргізуші ішімдік ішу кесірінен тоқтатылған. Сондай-ақ, 200-ден астам автокөлік иелері құжатсыз машина жүргізгені үшін &# ... Жалгасын оку »

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 3372 | Коскан: Patick | Rating: 2.0 | Пікірлер (0)

07 Фев 02, 2:31:43 PM

Атырау қалалық медициналық жедел-жәрдем стансасының қызметкерлері жаңа униформа алды. Жаңа форманы медицина қызметкерлеріне Каспий құбыр желісі консорциуымы демеушілік көмек ретінде табыс етіп отыр. Униформа дала жағдайында немесе төтенше жағдай кездерінде жұмыс істеуге лайықтандырылған. Униформаны жедел жәрдем стансасының барлық 60 қызметкері алды. Аталмыш компания денсаулық сақтау саласына бұған дейін де көмектесіп келеді. Олар 3 санитарлық автокөлік және құрал-жабдықтар алып берген болатын.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 2541 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)

07 Фев 02, 2:29:59 PM

Республика бойынша мемлекеттік тілге алғашқылардың бірі болып көшкен Атырау облысында қазақ мектептеріндегі білім деңгейі көтеріліп келеді. Облысымыздағы барлық 92 білім беретін орындарының 70 пайызы қазақ тілінде оқытуға арналған. Балаларын қазақ тілі мектептеріне берген ата-аналардың ішінде өзге ұлт өкілдері де көптеп кездеседі кездеседі екен.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1706 | Коскан: Patick | Rating: 2.0 | Пікірлер (1)

07 Фев 02, 2:26:06 PM

Атырау қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында «Аджип ККО» компаниясының демеушілігімен мүгедектерді компьютерлік сауаттылыққа үйрететін арнайы оқу сыныбы ашылды. Қазіргі уақытта 20 адам сыныпқа қабылданып, компьютерлік білім алуда. Жалпы мүгедектерді сауықтыру жөніндегі 2007 жылғы бағдарлама аясында олар үшін 40 жұмыс орнын ашу, 30 адамға кәсіби білім беру жоспарлануда.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1795 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)

07 Фев 02, 2:19:18 PM

Атырау облысында барлық салалар қарқынды даму үстінде. Бұл 31-ші қаңтар күні Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің есеп беру жиналысында мәлім болды. Аталмыш жиналыста Б. Рысқалиев облысымыздың 2006 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндамасында облыс көлеміндегі былтырғы жылғы жеткен жетістіктерге толық тоқтала отырып, биылғы жылға арналған міндеттерді нақтылап шықты. Бұларға қоса, облыс әкімі шешілмей жатқан мәселерді де айта кетті. «Солардың бірі - газ және су бағдарламаларының қаржы мәселесіне байланысты толықтай орынд ... Жалгасын оку »

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1870 | Коскан: Patick | Rating: 3.5 | Пікірлер (0)

07 Янв 16, 9:31:27 AM

Атырауда жұма мен сенбі күндері ішінде мас күйінде көлік айдаған 31 жүргізуші ұсталды. Бұл Жол полиция басқармасы қызметкерлерінің түнгі рейд шарасы кезінде белгілі болды. Сондай-ақ, жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізген 8 жағдай кездескен, 3 автомашина мемлекеттік номерсіз жүргені үшін ұсталды.

 

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 2184 | Коскан: Patick | Rating: 5.0 | Пікірлер (0)

07 Янв 16, 9:26:36 AM

Атырау қаласы, Еркінқала поселкесінде балалардың отпен ойнауы салдарынан үйдің ауласындағы пішен жанып кеткен. Бұл туралы Өртке қарсы қызмет басқармасы мәлімдеп отыр. Жалпы  Атырау қаласында өткен апта ішінде, яғни 8-нен 14-ші қаңтар аралығында 6 өрт оқиғасы тіркелді.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1756 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)

07 Янв 16, 9:23:19 AM

Біз бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Атырау-2 – Теңдік аралығындағы теміржол бойында жүк пойызы рельстен шығып кетіп, мазут құйылған 11 цистерна мен тепловоз өртеніп кеткен болатын. Белгілі болғандай, апаттың басты себебі, жүк пойызын басқарып келе жатқан машинисттің қызыл түске қарамай өтіп кетуі. Дәл сол күні Атырау көлік прокуратурасының қызметкерлерімен ҚР ҚК-ң 295-ші бабы, 4-ші бөлімі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жалғасуда.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1671 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)

07 Янв 16, 9:17:24 AM

1941 жылы Мәскеу үшін шайқасқа қатысқан атыраулық майдангерлер шайқастың 65 жылдығына орай тағайындалған мерейтойлық медальдармен марапатталды. Наградалар Ұлы Отан соғысының ардагерлері М.Мұханбетовке, Т.Есенғаринге, Ш.Ингельдиевке, К.Қожахметов пен Ш.Есқалиевтерге табыс етілді. Майдангерлерге сондай-ақ Мәскеу мэрі Юрий Лужковтың құттықтауы да қоса табыс етілді.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1576 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)