Главная » 2007 » Июль » 3 » Атырау облысында 5 күн ішінде 1000-ға жуық жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелді.
10:16:27 AM
Атырау облысында 5 күн ішінде 1000-ға жуық жол ережесін бұзу оқиғасы тіркелді.

 25-нен 29-шы маусым аралығында Атырау облысының барлық ауданында Жол Полиция Басқармасының толық құрамының, ІІД және аудандардағы ІББ-дерінің қызметкерлерінің қатысуымен «Ауыл жолдары» жедел-профилактикалық іс-шарасы өтті. Бұл туралы Атырау облыстық Жол Полиция басқармасының жол патрулдік бөлімшесінің аға инспекторы Рүстем Бекмамбетов мәлімдеді. Оның айтуынша: «Ауылдық жерлерде жүргізілген бұл шара аясында барлығы 950 жол ережесін бұзған жағдай тіркелді. Соның ішінде 140 жүргізуші ішімдік ішу кесірінен тоқтатылған. Сондай-ақ, 200-ден астам автокөлік иелері құжатсыз машина жүргізгені үшін ұсталса, 10 жүргізуші жол полиция қызметкерлерінің тоқтатқанына көнбей кеткен». Бұларға қоса, 340 аса жоғары жылдамдықпен көлік айдау, 51 апат жағдайын туғызу оқиғалары тіркелді.

 

Ернар Бекенов

Арнайы Kazakhstan Today ақпарат  агенттігі үшін.

Категория: Атырау жаналыктары | Просмотров: 3371 | Добавил: Patick | Рейтинг: 2.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: