Главная » 2007 » Февраль » 02
07 Фев 02, 2:31:43 PM

Атырау қалалық медициналық жедел-жәрдем стансасының қызметкерлері жаңа униформа алды. Жаңа форманы медицина қызметкерлеріне Каспий құбыр желісі консорциуымы демеушілік көмек ретінде табыс етіп отыр. Униформа дала жағдайында немесе төтенше жағдай кездерінде жұмыс істеуге лайықтандырылған. Униформаны жедел жәрдем стансасының барлық 60 қызметкері алды. Аталмыш компания денсаулық сақтау саласына бұған дейін де көмектесіп келеді. Олар 3 санитарлық автокөлік және құрал-жабдықтар алып берген болатын.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 2533 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)

07 Фев 02, 2:29:59 PM

Республика бойынша мемлекеттік тілге алғашқылардың бірі болып көшкен Атырау облысында қазақ мектептеріндегі білім деңгейі көтеріліп келеді. Облысымыздағы барлық 92 білім беретін орындарының 70 пайызы қазақ тілінде оқытуға арналған. Балаларын қазақ тілі мектептеріне берген ата-аналардың ішінде өзге ұлт өкілдері де көптеп кездеседі кездеседі екен.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1702 | Коскан: Patick | Rating: 2.0 | Пікірлер (1)

07 Фев 02, 2:26:06 PM

Атырау қалалық еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанында «Аджип ККО» компаниясының демеушілігімен мүгедектерді компьютерлік сауаттылыққа үйрететін арнайы оқу сыныбы ашылды. Қазіргі уақытта 20 адам сыныпқа қабылданып, компьютерлік білім алуда. Жалпы мүгедектерді сауықтыру жөніндегі 2007 жылғы бағдарлама аясында олар үшін 40 жұмыс орнын ашу, 30 адамға кәсіби білім беру жоспарлануда.

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1778 | Коскан: Patick | Rating: 0.0 | Пікірлер (0)

07 Фев 02, 2:19:18 PM

Атырау облысында барлық салалар қарқынды даму үстінде. Бұл 31-ші қаңтар күні Атырау облысының әкімі Бергей Рысқалиевтің есеп беру жиналысында мәлім болды. Аталмыш жиналыста Б. Рысқалиев облысымыздың 2006 жылдағы әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындылары туралы баяндамасында облыс көлеміндегі былтырғы жылғы жеткен жетістіктерге толық тоқтала отырып, биылғы жылға арналған міндеттерді нақтылап шықты. Бұларға қоса, облыс әкімі шешілмей жатқан мәселерді де айта кетті. «Солардың бірі - газ және су бағдарламаларының қаржы мәселесіне байланысты толықтай орынд ... Жалгасын оку »

Категориясы: Атырау жаналыктары | Окылу: 1856 | Коскан: Patick | Rating: 3.5 | Пікірлер (0)