Қазақстан суперлигасының «Атырау» ФК-ы жақын күндері оқу-жаттығу жиынын өткізуге Сочи қаласына аттанбақ. Қазіргі уақытта бірнеше үздік ойыншылар команда құрамынан кетіп қалды, оларды қазақстандық суперлиганың өзге командалары шақырып алуда. Сочи қаласындағы жаттығудан кейін, атыраулық команданың бапкерлік құрамы өзге де жиындарды анықтайды. Естеріңізге сала кетейік, маусым аралық кезеңде қақпашы Иван Сивожелезов, қорғаушы Андрей Ерохин, сондай-ақ, жартылай қорғаушы Юрий Гура секілді ойыншылар команда құрамынан кетпекші. Аталған үш футболшы да өскемендік «Восток» ФК-ң сынақ кезеңінде жүр.