Главная » 2007 » Январь » 12 » Кызылорда облысынын акімі болып Мухтар Кул-Мухаммед тагайындалды
1:19:33 PM
Кызылорда облысынын акімі болып Мухтар Кул-Мухаммед тагайындалды
ҚЫЗЫЛОРДА. 12 қаңтар. Kazakhstan Today. Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов Қызылорда облысы әкімшілігіне облыстың жаңа басшы Мұхтар Құл-Мұхаммедті таныстырды,-деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Осыған дейін Қызылорда облысын Икрам Адырбеков басқарып келді.

М.Құл-Мұхаммет 1960 жылы Қытай Халық Республикасында дүниеге келген. Қазақтың Мемлекеттік С. Киров атындағы университетін бітірген. Заң ғылымдарының докторы, профессор.

80-жылдары Қазақ энциклопедиясында аға ғылыми редактор, редакция жетекшісі, жауапты хатшы, бас редактордың орынбасары қызметерін атқарған. "Атамұра" корпорациясын басқарды.

1999-2001 жылдары депутат, заң шығару және құқықтық реформа жөніндегі комитет хатшысы, ҚР парламент сенатының әлеуметтік- мәдени даму комитетінің төрағасы болды. 2001-2003 жылдар аралығында мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрі қызметін атқарды. 2003 жылдың қыркүйегінен 2004 жылдың наурыз айлары аралығында президенттің кеңесшісі, 2004 жылдан қазірге дейін ҚР президентінің кеңесшісі және баспасөз хатшысы қызметінде болған.

И.Адырбеков 1950 жылы Өзбекстанда туған. 2004 жылдың сәуірінен осы кезге дейін Қызылорда облысы әкімі қызметін атқарды. Оған дейінгі жеті жыл бойы Қазақстанның Литвадағы, Эстония мен Латвиядағы елшісі болып келген еді. Ал 2002 жылы Қазақстанның Малайзия және Филиппиндегі елшісі қызметінде болған.

Категория: артурлі | Просмотров: 2173 | Добавил: Patick | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: