Главная » 2007 » Январь » 9 » К. Масімовты укімет басшысынын лауазымына тагайындау туралы каулынын жобасы дайындалды.
8:41:09 AM
К. Масімовты укімет басшысынын лауазымына тагайындау туралы каулынын жобасы дайындалды.

 АСТАНА. 8-қаңтар. Kazakhstan Today. Президент әкімшілігінде Республиканың премьер-министрі лауазымына Кәрім Мәсімовты тағайындау туралы қаулының жобасы дайындалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісіне үкіметтегі ақпарат көзі.

"К. Мәсімовты премьер-министр лауазымына тағайындау туралы қаулы жобасы дайындалды",- деді ақпарат көзі.

Бұрын хабарлағанымыздай, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев үкімет басшысы Даниал Ахметовтың отставкаға кету туралы өтінішін қабылдаған болатын. Конституцияға сәйкес үкімет басшысының отставкаға кетуін қабылдау үкіметтің барлық мүшелерінің өкілеттілігін тоқтатады.

Премьер-министр лауазымына жаңа кандидатураны 10-қаңтар, сәрсенбі күні болатын парламент палаталарының бірлескен отырысында президент ұсынады. Еліміздің Ата заңына сәйкес Қазақстан парламенті президенттің республика премьер-министрін тағайындауына келісімін береді.

Бүгін президенттің қол қойған қаулысына сәйкес, Д. Ахметов басшылық ететін үкімет үкіметтің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқарады.

Кәрім Мәсімов 1965-жылы Целиноградта (қазіргі Астана) туған. Пекин тілдер институтын бітірген. Ухань университетінің заңгерлік институтын, Қазақ мемлекеттік басқару институтын бітірген. Экономика ғылымдарының докторы. Орыс, ағылшын, қытай және араб тілдерін меңгерген.

Лауазымдық өсу баспалдақтарын ол еңбек министрлігіндегі бас экономист, бөлім бастығынан бастады, сосын республиканың Үрімші қаласындағы (ҚХР) сыртқы экономикалық байланыстар министрлігі өкілдігінің аға маманы, Гонконгтағы Қазақстанның сауда үйінің атқарушы директоры қызметін атқарған. Сондай-ақ, Алматы сауда-қаржы банкінің директорлары кеңесінің төрағасы және де Қазақстан Халық жинақ банкінің директорлары кеңесінің төрағасы болды. Көлік және коммуникация министрі, республика үкімет басшысының орынбасары, Қазақстан президентінің көмекшісі лауазымдарын атқарған.

2006-жылдың қаңтар айында К.Мәсімов вице-премьер болып тағайындалды. Ал 2006 жылдың сәуірі мен қазан айлары аралығында экономика және бюджетті жоспарлау министрлігін қоса басқарды.

Категория: артурлі | Просмотров: 1590 | Добавил: Patick | Рейтинг: 0.0/0
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *: