Бабалар сөзі - Форум
Регистрация | Вход
[ Новые сообщения · Участники · Правила форума · Поиск · RSS ]
Страница 1 из 11
Форум » Тестовый раздел » Тестовый форум » Бабалар сөзі
Бабалар сөзі
KereyДата: Суббота, 07 Янв 06, 11:12:20 PM | Сообщение # 1
Рядовой
Группа: Модераторы
Сообщений: 4
Репутация: 0
Статус: Offline

НЕ ЖЕТІМ?

Бұл дүниеде не жетім?
Айта берсек көп жетім.
Үйрек-қаз қалқып ұшпаса,
Дәрия шалқар көл жетім.

Ел жағалай қонбаса,
Бетегелі бел жетім.
Ұлығы әділ болмаса,
Болады байтақ ел жетім.

Өздігінен білмесе,
Айтқан сөзге ермесе,
Білмеске айтқан сөз жетім.

Замандасы болмаса,
Өңкей жастың ішінде,
Кәрия болар тез жетім.

Қара қасты қыпша бел
Сылаңдаса алдыңнан,
Қайырылып жауап бермесе,
Құр қараған көз жетім!

Көргенсіз болса әйелі,
Еңбегі еш, тұзы сор,
Өмір бойы ер жетім.

Жаман болса барғаны,
Ішінде боп арманы,
Наданға барған жақсы әйел,
Білер болсаң бұл жетім.

Иесі бабын білмесе,
Аяғына қан түсіп,
Ұлы дүбір жиынға,
Қосылмаған ат жетім.

Дүниеден өтсе данышпан,
Сан жүйрікпен қағысқан,
Жинақтар ешкім болмаса,
Артыңда қалған сөз жетім.

Авторы: АҚТАЙЛАҚ БИ

www.qazaq.kz

Прикрепления: 49398229.jpg(192Kb)


salem agayin
 
Форум » Тестовый раздел » Тестовый форум » Бабалар сөзі
Страница 1 из 11
Поиск: